Өлең, жыр, ақындар

Уланғанмын!

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 347
Уланғанмын!
Полигоннан уланғанмын!
Тар ұғымнан уланғанмын!
Өтіріктен уланғанмын!
Көпіріктен уланғанмын!
Құлдықтан уланғанмын!
Ұрлықтан уланғанмын!
Улана- улана
Бәрінен құр қалғанмын.
Улана- улана
Үнім шекемнен,
Тілім
Желкемнен шығып,
Сабадай бауырым
Сағыздай шайналып,
Ішегім
Шығыршықтай айналып,
Көріктей қос өкпем
Кепкен қуықтай
Сығылып қалған.
(Уланған қай оңсын! –
Тірліктен шығынып барам!)
Содан ба
Өзімнен де у тамады,
Сөзімнен де у тамады,
Ең қиыны —
Аппақ махаббаттың
Аппақ көліне
Шомылып шықты деген
Сезімнен де у тамады...
Уланғанмын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме

  • 0
  • 0

Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме,
адамдардың ең соңынан көз iлем.
Мен өйткенi әрқашан да өзiмдi,
уақыттың үнiмiн деп сезiнем.

Толық

Кешегі күн қасіреті

  • 0
  • 0

Өзгенi айтсам
Қол жетпейтiн
Аспан мен таудай еттiм.
Өзiмдi айтсам

Толық

Қайшылық

  • 0
  • 0

Көңiлсiзсiң.
мылқау қара тастайсың.
Түнерсiң,
қабағыңды ашпайсың.

Толық

Қарап көріңіз