Өлең, жыр, ақындар

Күмән мен күдік кезеңі

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 264
Ертеңнің есігінде
Кірдің тасындай
Ап-ауыр құлып тұрды...
Елдің ішіне
Құзғындай қаптаған
Күмән мен күдік кірді.
Бүкіл ел, қарашы,
Күмән мен күдікке
Таланып тұр, –
Жаралы жанынан
Қып-қызыл қан ағып тұр.
Елдің қазір
Арманы — мұң,
Үміті — шер боп кеткен.
Сенімі
Құзғындай қаптаған
Күмән мен күдікке
Жем боп кеткен.
Біреулер олай деп,
Біреулер бұлай деп
Езулерінен
Көпіріп жын ақты...
Осы кезеңде
Қолмен ұстап,
Көзбен көріп тұрған
Шындығыңның өзі
Өтірік сияқты.
Осы кезеңде
Әр адам
Өзіне тығылып,
Өзін қанайтындай...
Тіпті дәл қазір
Бір адам—
Қасында жүрген
Бір адамның
Тірі жүргеніне
Күмәнмен үңіліп,
Күдікпен қарайтындай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен қазiр кіммін?

  • 0
  • 0

Мен қазiр
Қоғамның омырауынан
Үзiлiп түскен түймемiн.
Көзi сынған инемiн.

Толық

Өлеңіммен кездесу

  • 0
  • 0

Көшемен келе жатып
Бiр бұрышта
Өзiмнiң Өлеңiмдi көрдiм.
Жүзi өрт жалағандай

Толық

Мүсінші

  • 0
  • 0

Сұлулық iздейсiң
қара балшықтан,
ұлылық iздейсiң
қара тастардан.

Толық

Қарап көріңіз