Өлең, жыр, ақындар

Мүсінші

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 362
Сұлулық iздейсiң
қара балшықтан,
ұлылық iздейсiң
қара тастардан.
Мұңдарды қашайсың
жүректi қаңсытқан,
кеудеңде тулап-тулап кеп
туады шумақ-шумақ боп
дастандар.
Күлесiң,
Жанасың!
Жанасың
үмiттi көтерiп
арманды табасың.
Қап-қатты граниттерден
нәп-нәзiк гүлдердi
аршып аласың.
Тұрасың шаттанып,
мақтанып,
Өмiрге келтiрiп жырды асыл,
Өсiп шығады қолыңнан
қара тастарды қақ жарып
ерлiктiң көрiктей кеудесi,
ерлiктiң гажайып тұлғасы.
Таптырмас алмаздай
Iздейсiң адамның арманын
жүрекке үңiлiп.
Көтере алмастан
қайғының салмағын
сенiң қолыңда
металдар жылайды
тастар үгiлiп.
Шөлдейсiң шабытқа қаталап
iздейсiң шапағат.
Туады қолыңның астында
үлбiреп, елжiреп
алаңсыз балғын болашақ
шашын жел қаққан
ұяң Махаббат.
Еңбексiң
өнердiң жолында
өмiрдiң жолында.
Күс басқан қолдарын
күрек пен сүймен ұстаған
диханшы,
токарьдiң қолындай!
Бiлем мен
тұйыққа тiрелiп,
көтермей еңсеңдi,
қаншама қиналып,
қаншама теңселдiң.
Мойымай,
бәрiн де еңсердiң.
Өйткенi
жiберген жансың сен
соқа етiп
сұп-суық семсердi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрес

  • 0
  • 0

Бiр-бiрiне шүйлiгiп
жарқ-жүрқ етiп әзiл де,
тойдың әбден ширығып
қызып түрған кезiнде,

Толық

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

  • 0
  • 0

Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы

Толық

Пайғамбар жасы

  • 0
  • 0

Шүкір,
Көп нәрсені білдім,
Көп нәрсені көрдім...
Пайғамбар жасына да келдім.

Толық

Қарап көріңіз