Өлең, жыр, ақындар

Ауыр сөз

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Халықтың атына
Ауыр сөз айтылды!
Шойын балғамен
Құлаштап төске соққандай,
Найзағай қақ айырып
Құлатқан қара жартастай,
Панасыз жетiмнiң
Көз жасындай,
Қатаң үкiм шығарып
Үстелдi ұрған
Соттың балғасындай,
Қайықты соққан
Алып толқындай,
Қап-қара түндей,
Пiлдей,
Зiлдей
Ауыр сөз айтылды!
Сонан кейiн
Әлдене түтеп,
Әлдене ыңырсып,
Әлдене қалбаңдап,
Әлдене бұрқырап,
Әлдене зарлап,
Әлдене сарқырап,
Әлдене арқырап ұшты...
Сол бiр ауыр сөзден
Мына дүние
Төңкерiлiп барып,
Төңкерiлiп барып,
Төңкерiлiп барып
Әйтеуiр әупiрiммен
Қайтадан қалпына түстi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорлану

  • 0
  • 0

Табанға салды.
Талауға түсiрдi.
Тазы қуған түлкi еттi.
Күлкi еттi.

Толық

Құс жолы

  • 0
  • 0

Туған жердi аңсап жүрек тiлiнер.
Жата алмаспын ондай кезде түнiмен –
сол бiр сәтте жұлдыздары шаңытқан
Құс жолына түсiп алып жүгiрем.

Толық

Жек көресiң сен менi

  • 0
  • 0

Жек көресiң сен менi.
Айыптайсың таңып байлап әрненi.
Жетi атаңның құны менде кеткендей
жек көресiң сен менi.

Толық

Қарап көріңіз