Өлең, жыр, ақындар

Құс жолы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 207
Туған жердi аңсап жүрек тiлiнер.
Жата алмаспын ондай кезде түнiмен –
сол бiр сәтте жұлдыздары шаңытқан
Құс жолына түсiп алып жүгiрем.
Шығамын да шырқау биiк ұшып-ақ,
жүгiремiн Құс жолына түсiп ап,
жол-жөнекей қолға қонған жұлдызды
көкiрегiме қысып ап
жүгiремiн Құс жолына түсiп ап.
Ондай кезде зымырағам, ағылғам,
Ай жолымда шам боп тұрар жағылған.
Туу төменге сорғалайды жұлдыздар
түсiп кетсе қолымнан.
Келемiн мен,
келемiн мен жүгiрiп,
жұлдыз болып жарқырайды мың үмiт...
Келемiн мен,
келемiн мен жүгiрiп –
жұлдыздарға жуынып,
жұлдыздарға жылынып.
Өзегiмдi өртеп алғам өрт үнмен!
Космостың ызғары ұрар бетiмнен.
Мен жүгiрем .
Айналамда жұлдыздар
шоршып шығып,
шоршып батып секiрген.
Құс жолы тұр шетсiз-шексiз тартылып,
Жүгiремiн үстiнде оның алқынып –
өтетiн ол, өтетiн ол өйткенi
жұлдыздары шаңытып,
бiздiң ауыл арқылы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз жүрсем

  • 0
  • 0

Жалғыз жүрсем —
менi қажап ойнама!
Жалғыз жүрсем мен егер
жалғыз қалды Темiрхан деп ойлама!

Толық

Ынжық

  • 0
  • 0

Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.

Толық

Астаң-кестең дүние

  • 0
  • 0

Бір елдер
Қапыда опық жеп
Опырылып жатыр;
Бір елдер

Толық

Қарап көріңіз