Өлең, жыр, ақындар

Бөспе

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 395
Көкжиектi толтырып жатқан
Көлдей көсiлiп,
Бұрқыраған желдей есiп отыр.
Дүниенi
Ол жағынан бiр,
Бұл жағынан бiр
Кешiп отыр.
Бөсiп отыр.
Байқасаң –
Осы кiсi! –
Жер дүниенi қорғап,
Қалқалап тұрғандай.
Қаратауды қолтығына қысып,
Алатауды арқалап тұрғандай.
Тыңдасаң –
Бұл кiсiнiң алдында –
Мемлекет басшылары
Құрдай жорғалап
Жүгiрiп тұрады екен;
Қоғадай жапырылып,
Құрақтай иiлiп,
Бүгiлiп тұрады екен.
Ойпыр-ай,
Мына кiсiнiң жойқыны-ай!
Алтайы түлкiге түскен
Бүркiттей болып
Жер-дүниенi
Бауырына басып отыр;
Көктемгi бұлттай iсiнiп,
Дауылды күнгi теңiздей күркiреп
Тасып отыр.
Ойпыр-ай,
Мына кiсiнiң жойқыны-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақсы адам

  • 0
  • 0

Жәрдем Кейкiнге
Мен сенiң
Қасыңа барсам –
Мәуелеп пiскен

Толық

Фариза Оңғарсынова

  • 0
  • 0

Фариза - ақын,
Сен ешуқта да
Жай сөйлей алмайсың.
Сен қашанда

Толық

Гүлдер

  • 0
  • 0

Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!

Толық

Қарап көріңіз