Өлең, жыр, ақындар

Жақсы адам

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 710
Жәрдем Кейкiнге
Мен сенiң
Қасыңа барсам –
Мәуелеп пiскен
Баққа кiргендеймiн.
Мен сенiң
Қасыңа барсам –
Тақсiретi жоқ! –
Таққа мiнгендеймiн.
Мен сенiң
Жаныңда тұрсам –
Шалғын толқып жатқандай.
Мен сенiң
Жаныңда тұрсам –
Теңiз шалқып жатқандай.
Сенiмен сөйлессем –
Жанымның iшiнде! –
Бiр демде
Бау өсiп шыққандай.
Сенiмен кездессем –
Iргемнен! –
Тау өсiп шыққандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алыс пен жақындық туралы жыр

  • 0
  • 0

Сол жағымда қара нөсер құйып тұр,
ал оң жағым аптап шөлге күйiп тұр...
Алыс жер жоқ, алыс жер жоқ дәл қазiр
бәрi маған – қол созым жер – тиiп тұр.

Толық

Пендешілік қорқыныш

  • 0
  • 0

Өзіңді өзің
Тығырыққа тіреп
Өкінішіңді ойласаң
Көп күн өледі...

Толық

Жаңбыр құдіреті

  • 0
  • 0

Дүние
қап-қара боп түнердi.
Дүлейлi құйын соқты.
Әлдене сұранды...

Толық

Қарап көріңіз