Өлең, жыр, ақындар

Арманды өкініш жыры

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 304
Жаңа сойылған еттей боп
Қып-қызыл күннiң
Батқанын көргенде;
Көктегi жұлдыздардың
Менiң көз жасымдай боп
Аққанын көргенде;
Ұлы даламның
Абайдың жүрегiндей
Қырық жамау боп
Жатқанын көргенде, –
Менi өкiнiш
Жайлап алады.
Өрмекшiнiң торындай
Торларымен шырмап
Байлап алады.
Күнi кеше ғана
Кез-келген бiреулер кеп
Майсамды майқандап,
Жасылымды жайпап
Кешiп кеттi ғой;
Асылымды былғап,
Түңлiк пен белдеуiмдi
Кесiп кеттi ғой.
Сол сiлiмтiктермен
Күресе-күресе
Ата-бабаларым
Шаршап-шалдығып қалғанда;
Атандай дауысы
Көтерем жарбай даусындай
Барлығып қалғанда, –
Жоныңнан талай сипаған,
Жоталарым-ау,
Соларды неге? –
Үстерiңнен! –
Сiлкiп тастамадыңдар!
Дауылдарым-ау,
Соларды неге! –
Сүртiп тастамадыңдар!
Көлдер мен теңiздерiм-ау, –
Толқындарыңмен! –
Соларды неге
Кеуделерiнен теппедiңдер,
Тепкенге де көнбесе
Төбесiнен құйылып
Сарқырап төкпедiңдер.
Жел тұрса
Шудалары желпiлдеп
Желе жөнелетiн,
Ормандарым-ау,
Неге өре тұрмадыңдар! –
Бiз есiмiздi жиғанша –
Жолдарын кесiп! –
Сiңiр-сiңiр бiлектерiңдi
Неге кере тұрмадыңдар!
Найзағайларым-ау,
Көкте ойнақтағанша
Таулардың сауырына
Неге қайралмадыңдар;
Аспаннан төгiлген,
Нөсерлерiм-ау,
Мың-миллион сызық боп –
Ешкiмдi өткiзбейтiн! –
Болат сымдарға
Неге айналмадыңдар!
Кейде осылай
Армандап өкiнем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қажыдым

  • 0
  • 0

Бәле жайлаған елдей
Қажыдым.
Құзғын саңғыған жердей
Қажыдым

Толық

Зергер

  • 0
  • 0

Алқа жатыр алдымда,
бiр ысытып,
бiр маздатып тондырған –
сенбейтұғын адам соқты дегенге

Толық

Қысқы серуенде

  • 0
  • 0

Маң-маң басқан
Бір кісінің жетегінен
Кішкентай ит көрдім:
Алматыда мұндайдың

Толық

Қарап көріңіз