Өлең, жыр, ақындар

Бейбарыс қайтып оралғанда

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 192
Иманғали Тасмағамбетовке

Ақша бұлттай
Ақ тастан шапан киген
Алып Бейбарыс
Өткен замандар iшiнен
Жайық жағасына
Келiп тоқтады.
Кеудесiн керiп тоқтады.
Ақ Жайық
Жайбарақат ағып жатты.
Перзентiн танып жатты.
Туған топырағын көрген
Бейбарыстың
Тұла бойы күйiп
Ысып бара жатты.
Терiсiне сыймай тулаған
Бұлшық еттерiн
Ақ тас шапан –
Құрсаудай! –
Қысып бара жатты.
Көкiрегiн толтырып
Күрсiнгенiнде
Демiнен ақ бұлт ұшты.
Тас төбесiне жиналған
Қара бұлттардан
Найзағайлар зырқырап кеп
Сол ақ бұлтты
Қақ тiлiп түстi.
Аласапыранды
Алағай да бұлағай басталды.
Дауыл соқты.
Жайық көтерiлдi.
Аспан күңiренiп,
Күркiреп кеттi.
Қара жер сiлкiнiп
Тiтiреп кеттi.
Шағалалар
Шаңқылдап ұшты, –
Шашырап атылған
Күмiс жебелердей
Жарқылдап ұшты.
Алла тағаланың өзi
Атырау теңiзiн
Сапырғандай болды.
Дүниенiң
Көкiрегi қақ айырылып
Аһ ұрғандай болды.
Құдiреттi рух кiрдi.
Алыста жатқан
Алатау да теңселiп кеттi,
Қаратау да теңселiп кеттi,
Шыңғыстау да теңселiп кеттi,
Көкшетау да теңселiп кеттi.
Кеше ғана
Кекiрейiп қарағандар
Мыштай боп
Жер шөгiп кеттi.
Алай-дүлей боп
Дүние iсiнiп толды.
... Әйтеуiр
Бейбарыс қайта оралғанда
Осылай болды.
Осылай болмаса да,
Болды.
Болды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маған не iстемедi, маған не жасамады?

  • 0
  • 0

Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Тiлiмдi
Ұлтарақ қып кестi.

Толық

Қазақтың тағдыры

  • 0
  • 0

Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған

Толық

Жалқаулық

  • 0
  • 0

Тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.
Әр нәрсенi сылтау етiп, қалқан ғып,
қорылымен дүниенi көшiрiп
тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.

Толық

Қарап көріңіз