Өлең, жыр, ақындар

Жалқаулық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 310
Тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.
Әр нәрсенi сылтау етiп, қалқан ғып,
қорылымен дүниенi көшiрiп
тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.
Қалған мәңгi iшiнде боз мұнардың,
дауысын да естiмейдi ұранның.
Оянбастан жатыр ендi ол ғаламат
күркiрiнен ракетодромның.
Кеткен кезде қарыны оның жалап бiр,
анда-санда қалғып-мүлгiп қарап бiр
ол оянса оянады тек қана
салдырынан ыдыс-аяқ, табақтың.
Жоқ қой оның қызуы да, жалыны,
қысқа оның қолдары да,
қарымы.
Шидей болып семiп қалған аяғы,
үлкен бiрақ ауызы мен қарыны.
Күш болмай тұр
ұйқысынан түңiлтер,
күш болмай тұр
айналаға үңiлтер.
Кiп-кiшкентай тiршiлiгi,
тынысы,
бiрақ ыдыс-аяқтары үп-үлкен.
Мiгiр етпей
тас бекiтiп құлағын,
бүркенедi ол ұйқының боз тұманын.
Тоздырмаған
бiр де жұмыс киiмiн,
тоздырмаған бiр де еңбек құралын.
Жатсын мейлi күн мен түндер алмасып,
қарамайды ол ұйқының бұл қамбасы.
Тозса тозар көрпесi мен жастығы
ойылса тек ойылады жамбасы...
Мақсат пенен армандардан өртенген
бiздер жүрмiз асығып-ақ ертеңге.
Жүрмiз бiздер металл соғып,
дән сеуiп,
астық орып,
жолдар салып өлкемде.
Қолымызға ап ұлы еңбектiң жарағын
игеремiз ертеңнiң бiз алабын.
Ал ол жүр ғой қалғып-мүлгiп етекте
салдырлатып ыдыс-аяқ, табағын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір

  • 0
  • 0

Сен, өмiр,
Қаталсың, қаттысың.
Ащысың!
Сонда да тәттiсiң.

Толық

Түн, қысқы бақ ішінде

  • 0
  • 0

Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.

Толық

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Қарап көріңіз