Өлең, жыр, ақындар

Өтірік болғаны ма?

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 331
Айтқан сөзiме
Тоймайсың!
Сол сөзiме
Сiңiрiң тартылып,
Қаның кеуiп қалса да
Қоймайсың!
Несiн жасырам –
Қабырғаларыңды
Бұтарлап сындырып,
Омыртқаларыңды
Бiртiндеп бұзып тастар ем
Заңнан қорқам!
Бүйiрiңдi тесiп,
Өкпе-өзегiңдi
Кеңiрдек-қолқаңмен қосып
Суырып алар ем
Айнала отырған
Жаннан қорқам!
Бiрақ та сен
Хайуан iшпейтiн суды iшiп
Аузыңа келгендi
Оттайсың.
У жағылған
Қаңғыған оқтайсың.
Егер сен жеке келсең
Шайнап-шайнап –
Қоқыстың iшiне! –
«Түпә» деп
Түкiрiп тастар ем.
Қайта тұрмайтындай етiп
Бiтiрiп тастар ем.
Амалым жоқ!
...Соны бiлiп
Бұл шiрiктiң
Есiрiп-толғаны ма?
Әлде
Арланның
Сарып кеткен жерiне
Қоянның
Қырық күн бара алмайтыны
Өтiрiк болғаны ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құм көші

  • 0
  • 0

Үш күн бойы жатты сусып құм көшiп.
Күйдiрген соң тас төбеден күн тесiп,
кеуiп қалған мына дала тигiзсең
лап етердей оттың ұшқын бiлтесiн...

Толық

Қаскөй

  • 0
  • 0

Мен сенiң
Қолыңа түссем –
Терiмдi! –
Тiрiдей сыпырып аласың.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Жатар қанды аралап
құдiрет бар үнiнде, –
ұлы тiлдер сияқты
қуатқа ие ғаламат

Толық

Қарап көріңіз