Өлең, жыр, ақындар

Қаскөй

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 428
Мен сенiң
Қолыңа түссем –
Терiмдi! –
Тiрiдей сыпырып аласың.
Сыпырып алған терiмдi
Шүберек құсатып
Шеңгелге жайып қоясың.
Қолыңа түссем
Дарға асасың.
Асып қана қоймайсың –
Буынып тұрған кезiмде –
Астына от жағасың.
(Сол кезде менi –
Бiлемiн –
Ешкiмнiң жоқтамасын!)
Сенiң жаның сайтанда –
Шапсам да!
Шабылмайсың.
Сен –
Қаралы үйдiң! –
Қызын зорлаудан
Тайынбайсың.
Сен! –
Өтiрiк, өсексiң.
Есексiң.
Қара бәлесiң,
Қара жаласың.
Егер мен өлсем –
Қабiрiме –
Бiр уыс топырақ емес,
Бiр уыс тiкен саласың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тектілік

  • 0
  • 0

Зейнолла аға!
Бергенi аз,
Алғаны көп
Әлдекiмдердей

Толық

Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге

  • 0
  • 0

Омырауынан
Құт саулаған
Ауқым-ауқым бұлттары
Желін ғой бұл...

Толық

Жапырақтарын шашады

  • 0
  • 0

Жапырақтарын шашады
қайыңдар жел кеп қаққанда, –
көктем мен жаздың жасауын
үстiнен шешiп жатқандай.

Толық

Қарап көріңіз