Өлең, жыр, ақындар

Жылқы жылы

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 399
Жылқы жылы келдi.
Көсiлiп шапқанда
Жердi қуырып жiберген, –
Шаңын көкке көтерiп
Кебектей суырып жiберген;
Бауыры
Даладай жазылған;
Тұяғы түскен жерлерi
Құланның етiн асатын
Ошақтай қазылған;
Алтайда кiсiнеген дауысы
Атырауға жеткен;
Тiптi
Атыраудан да өткен;
Оттай лапылдап,
Оқтай зулаған;
Мойнына
Құрық салдырмай тулаған;
Болат тұяқтары
Қарсы жатқан тастарды
Қамырдай илеп,
Бауырдай тураған;
Құйрығы
Өзендей созылып,
Жалы
Ормандай шулаған;
Қарсы келгеннiң
Құтын қашырам деп,
Атыңды асқақтатып,
Абыройыңды асырам деп, –
Жерiмдi
Дүбiрге толтырып,
Кеудемдi
Мың үнге толтырып, –
Жылқы жылы келдi!
Құт болсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баласын құтқарған әйел туралы

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына

Толық

Ақиқатты соттау

  • 0
  • 0

Сүттей аппақ,
Сәуледей нұрлы Ақиқат
Қамауға түсті.
... Сол кезде

Толық

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Қарап көріңіз