Өлең, жыр, ақындар

Баласын құтқарған әйел туралы

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 343
Аңыз

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына
Iркiт төгiлген
Байтақ өлкеме –
Соңынан
Қып-қызыл өрт ерткен,
Демiмен
Дүниенi дерттi еткен
Жауыздар тап бердi.
Жасылымды құртты,
Асылымды жұтты.
Күйреген қала қалды
Бүлiнген дала қалды...
Бiр тайпа елден
Бiр әйел мен
Бiр ғана бала қалды.
Әйел тектi едi.
Қаны қатқан кектi едi.
Баласын атқа мiнгiзiп
Алып қашты.
Қаптаған жауды
Қылыштай тiлiп
Жарып қашты.
Қалың жау соңына түстi.
Әйел тектi едi
Қанына қатқан кектi едi.
Аспан түнерiп
Найзағай шатырлады.
Жау жақындады.
Ажал боп алқымдады.
Әйел тарағын лақтырды.
Тарақ түскен жерге
Ну орман өсiп шықты, –
Бәйтеректер мен емендер
Көздi ашып-жұмғанша
Қара жердi тесiп шықты...
Дұшпан бiткен
Орманда адасып кеттi.
Бiр-бiрiнен көз жазып
Жан-жаққа тарасып кеттi...
Орманнан шығып.
Тағы да қуды.
Әйел тектi едi.
Қанына қатқан кектi едi.
Семсердей жарқылдап,
Қылыштай қайралды.
Ол ендi айнасын лақтырды.
Айна түскен жер
Өзенге айналды.
Жау бiрақ одан да өттi.
Дүние қабарып
Тiршiлiк түнерiп кеттi.
Ол ендi қанжар лақтырды.
Қанжар түскен жер
Ақар-шақар тауға айналды.
Жау таудан өте алмады.
Әйелге жете алмады.
Дүние жел боп естi.
Замана бұлт боп көштi...
Сол баладан
Бiр дүйiм ел өстi.
Ол бiздер едiк.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқастар

  • 0
  • 0

Ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен
тұңғиық түпсiз тереңнен,
теңiзден долы толқынын атқан кемерден,

Толық

Апаларым Дәмеш пен Ұлпашқа

  • 0
  • 0

Біріңді бірің
Жетелегендей болып,
Біріңнен соң бірің
Кетіп қалғандарың-ай!

Толық

Мағжан-жыр

  • 0
  • 0

Қасiреттi,
қайғы-мұңлы Мағжан-жыр,
Жер мен жердi,
тау мен тауды жалғап жүр, –

Толық

Қарап көріңіз