Өлең, жыр, ақындар

Күмәннің шыбыны

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 352
Жаным
Ашу мен ызаға
Қыжылға толып кеттi, –
Миымның iшiне
Күмәннiң шыбыны кiрiп
Басым
Ызыңға толып кеттi.
Сол бiр шыбын
Қураған қамыстай
Ызыңдайды да тұрады.
Тесiктен кiрген желдей
Ызылдайды да тұрады.
Не деген жауыз шыбын?!
Төзiмнен
Неге қыңбайды?!
Ойларым қайда кеткен?
Торларын неге құрмайды?
Қағып ап
Қамап тастамай ма?!
Сiлекей жiптерiмен
Орап тастамай ма?!
Құдай-ау,
Жүйкенi жеп жатқан
Мынау ызыңнан
Жарылып кетердеймiн.
Жын қағып
Қағынып кетердеймiн.
Басымды
Тасқа соқсам ба екен?
Соққанда – бас емес! –
Тас жарылса қайтем?!
Бұл ызыңнан
Жетер жерiме
Жетпей құтылмаспын –
Бұл дүниеден
Өтпей құтылмаспын.
Ызың-ызың.
Ызың-ызың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аялдамадағы сауал

  • 0
  • 0

Бiр жас әйел –
тiлiп түсер санаңды –
айтып тұрды төтенше бiр хабарды:
– бiр мәшине жаңа ғана,

Толық

Қызуын тартып әр күннiң

  • 0
  • 0

Қызуын тартып әр күннiң,
көл жатыр тұнық ойланған, –
ортасын ойып шалғынның
бетонмен төсеп қойғандай,

Толық

Ынжық

  • 0
  • 0

Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.

Толық

Қарап көріңіз