Өлең, жыр, ақындар

Құдайдың ұрғаны-ай!

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 532
«Ешкiнi апа,
Текенi жезде» дегiзген
Замандар болған.
Қоңыздай тоңқаңдап,
Доңыздай қорсылдап кеткен
Адамдар болған.
Сұмпайылар атқа,
Сұмырайлар таққа отырған
Кезеңдер өткен.
Елiмдi жемтiкке балап
Ит-құсқа тастаған
Көсемдер өткен.
Iнiсi ағасының
Жағасынан алған,
Әкесi баласының
Жаласына қалған
Мезгiлдер туған.
Ұлықтың дәретiне
Бас киiмiн
Тосатындар шыққан.
Төбеттей боп тұрып
Шәуiлдеген қанденнен
Қашатындар шыққан.
Сол заманнан
Зорға құтылғанда, –
Әне бiр шотмаңдайдың
Миына құрт түскен
Азбан қошқардай
Өткенiн аңсап
Маңырап тұрғаны-ай.
Әне бiр шәлтiктiң
Тентек щөп жеген
Текешiк құсап
Батысқа қарап бақылдап
Зарлап тұрғаны-ай...
Құдайдың ұрғаны-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Музыкалық көне аспап

  • 0
  • 0

Сонау бiр қиыр, жырақтың
жарқ етiп сөнiп жарығы, –
әлi күн онда жылап тұр
он жетiншi ғасырдың

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Шаршағам-ау,
iсiн көрiп iскердiң.
Шаршағам-ау,
iшiн көрiп iскеннiң, –

Толық

Балада да

  • 0
  • 0

Балада да,
алпысқа келген қартта да,
кедейде де жүретiн ылғи от қармап,
хандарда да отырған тажал тақтарда,

Толық

Қарап көріңіз