Өлең, жыр, ақындар

Балада да

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Балада да,
алпысқа келген қартта да,
кедейде де жүретiн ылғи от қармап,
хандарда да отырған тажал тақтарда,
қорқақта да жататын жалғыз бас бұғып,
батырда да қайратын жүрген тасқа ұрып,
ақында да кеудесiн кескен жас тiлiп, –
мейлi олар сапарласын
тауларды,
шөлдi,
теңiздi,
мейлi олардың тұрағы болсын
құлаңдар жортпас құла түз,
бiрдей екен бәрiнiң де қызуы –
36 градус.
Елу градус
қақаған боран Сiбiрде сыңсып соқпасын,
елу градус
шыжыған ыстық түстiкте қаңсып қақтасын,
дегенмен бiрақ туасы
Жатпайды екен өзгерiп
адамның температурасы.
36 градустың қызуы:
қайната алмас суыңды,
бу ете алмас көлiңдi,
балқыта алмас темiрдi,
тұтата алмас көмiрдi.
Дегенменен, бiр тәулiктiң iшiнде
мың сан жылап,
мың сан рет тойлаған,
мың сан рет ашкөзденiп,
мың сан рет ойлаған
дүние жатыр аласұрып, аунақшып
36 градуста қайнаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құйрықты жұлдыз

  • 0
  • 0

Ғаламат отты дастандай
құйрықты жұлдыз құйғыды,
шұбалып жатты аспанда
қып-қызыл ұзын құйрығы.

Толық

Табалау

  • 0
  • 0

Әлдекiмдермен
Әдiлдiк үшiн тiресiп едiм,
Әдiлдiк үшiн күресiп едiм.
Жеңiлдiм!

Толық

Жүрегiңмен

  • 0
  • 0

Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа,
мұңын ұштар

Толық

Қарап көріңіз