Өлең, жыр, ақындар

Ызалы адам

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 361
Бұлтты түндей боп
Тұнжырайды да отырады.
Қабағын түйiп,
Тiсiн шықырлатып
Қынжылады да отырады.
Ызаның құмы қуырып
Ерiнi! –
Кезерiп кеткен.
Ызаның уы құйылып
Бетi! –
Безерiп кеткен.
Айдалада тұрып
Кiжiнiп тұрады.
Қуаныш көрсе де
Әлем-жәлем боп
Бұзылып тұрады.
Тiсiн басса –
Кеңiрдегiңдi! –
Жiп құрлы көрмей
Қырқып жiберердей.
Тырнағын салса –
Төс етiңдi!
Терiдей айырып
Жыртып жiберердей.
Абайсыз сөйлесең
Сойылы – қақ басыңа! –
Сарт ете түсетiндей.
Жарасына қол тиген –
Ит құсап! –
«Арп» ете түсетiндей.
Осы адамнан қорқам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздер

  • 0
  • 0

Жасқаншақ, жалтақты
жiгерге өртеткiз.
Өйткенi бiз деген
ертеңге ынтықпыз,

Толық

Алапат бiр күш бұрқанған

  • 0
  • 0

Алапат бiр күш бұрқанған
бойымды келiп кергенде –
болады бейне алып бiр
бәйтерек өсiп тұрғандай

Толық

Қауіп

  • 0
  • 0

Сөздер айтып тiкенектi, түрпiлi
жинап былай қойдық бiздер күлкiнi.
Жаман болып бара жатыр арамыз
соқтығысып қалармыз-ау бiр күнi.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар