Өлең, жыр, ақындар

Дүние не боп барады?

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 312
Менiң осы жерiме
Ойсылқара бабамыз
Қасиетiн арттырып
Қара нарын шөктiрген;
Шопан атам аяңдап
Көк қошқарын алға сап,
Саулықтарын қаптатып
Әр жусанның түбiнде
Егiзден төлiн төктiрген;
Зеңгi бабам өзi кеп
Желiндерi жер сызған
Ай мүйiздi сиырын
Мама ағашқа байлаған;
Қамбар атам құраулап
Қолына алып құрығын
Көшкен тоғай секiлдi
Қаптатып жылқы айдаған, –
Бiр кездерде бұл жерiм
Қасиетi артқан жер едi.
Қазаны түспей ошақтан,
Ошағы оттан сөнбейтiн,
Төрт жастағы баласы
Дөнен аттың үстiнде
Шiренiп тұрып сөйлейтiн;
Жаулары келiп
Толғап бiр толғап атқанда
Қозы жауырын жебелер
Сауытын жарып өтпеген;
«Тақымы терден кеппеген».
Әулиелерге жол берген
Әмбилерге қол берген, –
Қасиеттi ел едiм.
«Кiмдерден осы кем едiм».
Дүние не боп барады?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да саған

  • 0
  • 0

Бiз екеумiз –
кейде көзсiз батырмыз,
бiз екеумiз –
кейде сорлы, пақырмыз!..

Толық

Шөлдегі жаңбыр

  • 0
  • 0

Күткен едiк қаталап бiз соншама,
төктi жаңбыр, төктi жаңбыр аңсаған.
Құм үстiнде әнiңдi сал, күй ақтар
биле, биле шымыр тамшы тұяқтар.

Толық

Қысқы серуенде

  • 0
  • 0

Маң-маң басқан
Бір кісінің жетегінен
Кішкентай ит көрдім:
Алматыда мұндайдың

Толық

Қарап көріңіз