Өлең, жыр, ақындар

Ормандағы өрт

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 470
Барым өртенiп жатқандай,
Жаным өртенiп жатқандай
Орман өртенiп жатыр.
Қараған сайын
Жүрегiм – тiрлiктен! –
Түңiлiп барады.
Қан iшiп алғандай –
Қып-қызыл өрт –
Ағаштардың үстiмен
Алау-далау боп
Жүгiрiп барады.
Сатырлап, шатырлап
Жасыл жапырақтарды
Жалмап, жұтып
Обып барады.
Бұтақтарды! –
Күтiрлетiп сындырып
Орып барады.
Отқа айналған
Айдаhар секiлдi
Ысқырып, суылдап,
Дауылдай ұйтқып,
Борап тұр.
Дүниенi қып-қызыл өрт
Орап тұр.
Бiрде –
Жыландай жиырылып
Қалың жынысқа
Жұтылып кетедi.
Бiрде –
Аспанға шапшып –
Бұлттарды шарпып,
Құйындай үйiрiлiп
Құтырып кетедi.
Айнала
Темiр балқытып,
Суды бу етiп жiбергендей
Ысып кеттi.
Бықсыған шала мен
Көк түтiн
Аспанның қолқасын қауып
Қысып кеттi.
Өрт өткен жерлерде
Жаңа өскен шыбықтардың –
От шайнаған! –
Жаңқасы қалды.
Жаладан күйiп кеткен
Кешегi Арыстарымдай –
Ағаштардың! –
Қап-қара қаңқасы қалды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайырымдылық

  • 0
  • 0

Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,

Толық

Қалай?

  • 0
  • 0

Мына жандардың
Қасиетті кісі жатқан
Қабірлердің қасынан
Аял етіп аят оқымай

Толық

Тозған үй

  • 0
  • 0

Тозған үй бұл, тозған үй бұл, тозған үй,
күнi бiтiп уақыттан озған үй.
Сөнiп кетпей,
өлiп кетпей сонда да

Толық

Қарап көріңіз