Өлең, жыр, ақындар

Қара нөсер

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 312
Көктем-ай!
Қара нөсердiң төккенi-ай!
Бүкiл бұлттарды
Осы жерге
Жиып жатқандай.
Төбемiзден суды –
Жаңбырмен емес –
Күбi, шелекпен
Құйып жатқандай.
Аспанның түбi
Тесiлiп кеткендей
Күрпiлдеп пiсiлiп жатқан
Сабалардың аузы
Шешiлiп кеткендей.
Қара нөсер –
Сел жүргендей! –
Таудың өзiне
Ауыз сап тұр.
Сарқыраған сулар –
Шөккен түйелердей
Жоталарды –
Қорқыратып! –
Бауыздап тұр.
...Сонау бiр қайыңның
Тұла бойынан
Су шүмектеп
Сорғалап тұр –
Қара нөсерде –
Баласын күткен анадай –
Жол қарап тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құмыра немесе бүгінгі дию

  • 0
  • 0

Күлген,
жүрген,
жылаған,
шаттығы бар, мұңы да –

Толық

Құбылыстар мен бұрылыстар

  • 0
  • 0

Құбылыстары мен
Бұрылыстары көп
Заман бұл.
Шиыр-шиыр

Толық

Неткен ұлы жарасым!

  • 0
  • 0

Неткен ұлы жарасым! –
әлемнен сыр аулаған
мына бала, қарашы,
екеумiзден аумаған!

Толық

Қарап көріңіз