Өлең, жыр, ақындар

Бұрқанып

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 298
Бұрқанып,
дүрлiгiп,
алқынған,
тiрлiктi төңкерiп тастардай,
көк сауыт ақ жол толқындар
шапшиды
шаншылып аспанға!
Күркiреп,
шулаған көк толқын
алысып,
күрессе көкпенен,
кермек дәм,
сыз дымқыл,
сап-салқын
демiн кеп жұтасың өкпеге.
Жұтасың өн бойың ширығып
шаншылған қырандай шүйлiгiп,
кiресiң керемет айбатқа!
Толқындар бiр-бiрiн соққанда
шығады ғаламат дауыстар, –
бар тұстан айқайлап жатқандай
жиылып миллион арыстан.
Жататын бұлқынып, алысып,
тiресiп,
тебiсiп,
қауышып, –
ол дауыс –
күрестiң дауысы,
ол дауыс –
еркiндiк дауысы!
Есiтiп қызынам,
жанамын!
Мұңдайда сырт қалып жатам ба?!
дауысын жазып мен аламын
магнитофонға.
Үндерiн күш пенен күрестiң
жазам да,
таратам эфирден!
Бiр нота жоқ онда көмескi,
бiр нота жоқ онда өкiнген.
Жетсiншi аспаннан құйылып
қажыған,
шаршаған тұстарға, –
қашанғы жатпақшы бұйығып,
сiлкiнсiн шағала құстардай.
Сол кезде тоқталсын әуен де,
тоқталсын өлең де.
Теңiздiң дауысы әуемен
тарасын күркiреп әлемге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қисық ағаштар

  • 0
  • 0

Қисық өскен ағаштар...
Неге оларды жатыр бәрi аластап,
Дендерi сау,
ауруы жоқ құрт түскен

Толық

Өзгеріс

  • 0
  • 0

Бір кезде көз көрген
Бәрі де өзгерген.
Бір пәле келген сияқты
Ұрланып бір:

Толық

Колбиннің кезінде

  • 0
  • 0

Брежнев алаңында
Ұл-қыздарымды
Қанжоса қып
Жығып салғаннан кейiн;

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар