Өлең, жыр, ақындар

Талану

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 489
Жан-жағымнан талады.
Талады!
Бiреуi –
Жүрегiмнiң тұсынан! –
Инесiн тықты.
Бiреуi –
Аш бүйiрiмнен! –
Бiзiн сұқты.
Сонан кейiн
Тiлiн сұқты.
(Тiлiн сұққан жерден –
Қан аралас –
Iрiң шықты).
Бiреулер –
Сұп-суық
Тiкенек көздерiмен! –
Шабақтап кеттi.
Тiлiм аузыма сыймай
Салақтап кеттi.
Қаштым!
Алдымдағы ағаштарды –
Шыбық құрлы көрмей! –
Жапырып қаштым.
Дүниенi
Басыма көтерiп –
Бар даусыммен! –
Ақырып қаштым.
Жан дүнием –
Шырқырап! –
Зар қақты.
Тұла бойымды –
Жауындай сорғалаған –
Қан жапты.
Аяғымның
Астына қарамай –
Шоқ пенен шөңге демей! –
Басып келемiн.
Ара талаған
Аюдай қорбаңдап
Қашып келемiн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мағжан-жыр

  • 0
  • 0

Қасiреттi,
қайғы-мұңлы Мағжан-жыр,
Жер мен жердi,
тау мен тауды жалғап жүр, –

Толық

Ескерту

  • 0
  • 0

Сенің соншама
Менің алдымда
Шегірткенің
Кәрі айғырындай

Толық

Ауру Қазақстан

  • 0
  • 0

Сынап бағаналары
Шегiне жетiп
Дәл қазiр
Қазақстанның қызуы

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар