Өлең, жыр, ақындар

Шарасыздық

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 459
Ұшсам –
Атты.
Жүзсем –
Ау құрды.
Жатсам –
Аттан салды.
Жүрсем –
Қақпан салды...
Содан берi
Күнiмдi санап жатырмын.
Жарамды жалап жатырмын.
Жұлқынып жатырмын, –
Құрған аудан шыға алмай
Жайындай
Бұлқынып жатырмын.
Амалым бiтiп
Құрып тұрмын.
Ақ қар, көк мұзда
Қақпаннан босай алмай
Жүзiнде қан-сөлi жоқ
Боп-боз Айға қарап
Бөрiдей ұлып тұрмын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тирде

  • 0
  • 0

«Ондыққа»
Қара шегедей
Қадаймыз деп оқтарды
Жұрттарды басқа елемей

Толық

Қобыландым қолбала болды

  • 0
  • 0

Сойым мен кескегiм
Жыртылған қайыққа
Ескек болды.
Қобыландым қолбала,

Толық

Кісәпірдің сөзі

  • 0
  • 0

Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан

Толық

Қарап көріңіз