Өлең, жыр, ақындар

Мыстан кемпір

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 758
Алтын сақамды алам деп
«Отырса тұра алмайтын,
Тұрса отыра алмайтын»
Мыстан кемпiрмен алыстым.
Ол да қарысты,
Мен де қарыстым...
Бiр тiсiн жұлып ап
Тауға лақтырдым.
Тау қозғалып,
Теңселiп кеттi,
Жота-төбелер
Жер шөгiп кеттi.
Шыңдардың
Тоқсандағы шалдардай
Шашы ағарды
Тастары
Кесiлген бастардай домаланды.
Бiр тiсiн жұлып ап
Мұхитқа лақтырдым.
Мұхит
Тоқсан жыл қорланды.
Тоқсан жыл долданды.
Жағалаудан сарқырап төгiлдi.
Кемелерiң
Қақырып сөгiлдi...
Жеңiске жеттiм!
Жаным марқайып қанды.
Күн қайта шықты.
Жұлдыздар қайта жанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы қала кеші

  • 0
  • 0

Сағат алты,
кешкi сәт.
Симастан көше, алаңға
шұбырып кеттi көш құсап

Толық

Байланыс торабы

  • 0
  • 0

Iздейтұғын қала менен даланы,
iздейтұғын көне менен жаңаны
бағанасыз, сымсыз-ақ
дүниемен кеткен мәңгi жалғасып

Толық

Көк Түрік батыры өлгенде әйелінің жоқтауы

  • 0
  • 1

Оң жақтағы
Айым құлады.
Сол жақтығы
Күнiм тұтылды.

Толық

Қарап көріңіз