Өлең, жыр, ақындар

Байланыс торабы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 460
Iздейтұғын қала менен даланы,
iздейтұғын көне менен жаңаны
бағанасыз, сымсыз-ақ
дүниемен кеткен мәңгi жалғасып
бүкiл денем –
Байланыстар торабы.
Қалмайды ол бiр сәтке де iркiлiп,
тұрады ол шулап, шалқып, сiлкiнiп.
Өн бойынан өткiзiп
үнiн,
мұңын,
сағынышын әлемнiң
жатады ол жұмыс iстеп күн-түнi.
Дүрлiктiрiп туған жердiң тау, тасын,
думан етiп табиғаттың ортасын
шаттық, қайғы,
махаббатпен ән тасып
келе жатқан тiзбек-тiзбек пойыздар –
мен арқылы өтетiн –
телеграммалардың лентасы.
Жапырақтан домаланған тамшының
үнiн аулап тұрады
менiң сезiм-талшығым.
Алаң болып тұрар санам, миым да,
хабарлардан құйылған
жақын менен қиырдан.
Дүниеден байланысты үзбедiм.
Жаңалықты,
жақсылықты iздедiм...
Маған ұшып келедi
көк аспанға көктем жазған сөйлемдей
тырналардың тiзбегi.
Маған жалғап қойған нәзiк шектерiн
қысым,
жазым,
күзiм менен көктемiм...
Қара түндi саусағымен түрткiлеп
белгi берiп жатады
жұлдыздар да көктегi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табытты қайық, кебінді желкен еттім

  • 0
  • 0

Алып едiм,
Таудай биiк,
Даладай кең едiм.
Жұлдызы құйылып жатқан

Толық

Қант диабеті

  • 0
  • 0

Не пәле деп
Кейде өзімді
Жерлеп тұрам.
Жерлемей қайтейін,

Толық

Көңілсіз көрініс

  • 0
  • 0

Жүзiн көрiп азып-тозған даланың
Ауыр тартып тұнжырайды қабағым...
Сортаң жерлер қопсып жатыр ақ жем боп
Кеуiп қалған ауызындай жараның.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар