Өлең, жыр, ақындар

Бұған ендi не дерсiң?

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 340
Қонақ көрсем
Түңлiктей
Желпiлдеп тұратын халық ем.
Туыс көрсем
Желдi күнгi ағаштай
Елпiлдеп тұратын халық ем.
Досым өлсе
Ақ таяқ ұстап,
Ақ шүберек буынып
Еңкiлдеп тұратын халық ем.
Менiң елiме,
Менiң жерiме
Көн етiктерi қорпылдап,
Көне етектерi салпылдап
Бiреулер келдi.
Желпiлдеген түңлiгiмдi
Кесiп-кесiп
Ұлтарақ еттi.
Елпiлдеген көңiлiмдi
Көсiп-көсiп
Күлпара еттi.
Қолыма ұстаған
Қазалы таяғыммен
Өзiмдi сабады
(Тәңiрi оны
Түбiнде табады).
Қасыма
Мола қазып қойды.
Белiме буынған
Азалы ақ шүберекпен
Өзiмдi асып қойды.
Бұған ендi не дерсiң?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайрау

  • 0
  • 0

Егер сен
Шаншылып қарап,
Кеудеңді керіп
Айтарыңды

Толық

Тыныстап, кейде тұншығып

  • 0
  • 0

Тыныстап, кейде тұншығып,
шыңдарға қарай тартамыз, –
момақан ғана тiршiлiк
қым-қуыт шайқас, арпалыс.

Толық

Полигон

  • 0
  • 0

Гөй-гөйiн мен айта алмаймын көмейдiң,
Жан тiлегiн,
жүрек сөзiн жебейiн.
Полигондар,

Толық

Қарап көріңіз