Өлең, жыр, ақындар

Полигон

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1803
Гөй-гөйiн мен айта алмаймын көмейдiң,
Жан тiлегiн,
жүрек сөзiн жебейiн.
Полигондар,
полигондар көп әлi
жабылғанмен полигоны Семейдiң.
Сыпырылып қараңғылық түнегi,
орнағанмен елдiң ұлы тiлегi.
Полигонға айналды ғой бүгiнде
әр қазақтың,
бар қазақтың жүрегi.
Зомбылыққа шыдай алмай өр басым,
егiледi,
төгiледi жан жасым...
Арсыз жандар дәл жүректiң үстiне
жарып жатыр өтiрiктiң бомбасын.
Аузы қайта ашылды ғой жараның,
шыдай алмай өртенемiн
жанамын.
Әр қазақтың –
жүрегiнiң үстiне! –
жарып жатыр бомбаларын жаланың.
Ойлап едiк азаттықпен табыссақ,
кетемiз деп озбырлықтан алыстап!
Кете алмадық!
Жарылыстан сұмдық сол
арманыма қадалды ғой жарықшақ!
Қандай ауыр зомбылықтың салмағы,
тұла бойым қан қақсады,
зарлады.
Сол бiр сұмдық жарылыстан алапат
шайқалды ғой шаттығымның шаңырағы.
Неге керек сөздiң кеуек,
дүрмегi.
Рух керек дiндегi мен дiлдегi.
Теңселдi ғой жарылыстан сол сұмдық,
тiлегiмнiң аппақ сұлу дiңгегi.
Отқа оранды өлең-жырдай бағымыз,
бұлтқа оранды атқан жаңа таңымыз.
Сол бiр сұмдық жарылыстар демiнен
улануда қанымыз бен жанымыз.
Бiреу емес,
жүз де емес, –
баршаға! –
бүлiк салды,
әлек салды қаншама!..
Сол бiр сұмдық жарылыстар демiнен
Улануда,
улануда ой, сана.
Сыпырылып қараңғылық түнегi,
орнағанмен елдiң ұлы тiлегi! –
Полигонға айналды ғой, –
құдай-ай! –
ар-намысты бар қазақтың жүрегi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған

  • 0
  • 0

Бұқадай басыңды шайқап
Жұлқынып тұрғаныңа қарап,
Ұмтылып тұрғаныңа қарап
Қорқатын едiм.

Толық

Інілеріме

  • 0
  • 0

Жақын күндердi бiтiрiп
Алыс күндерге кетiп барамын.
Сендердi сол күндерге
Ертiп барамын.

Толық

Кешегі күн қасіреті

  • 0
  • 0

Өзгенi айтсам
Қол жетпейтiн
Аспан мен таудай еттiм.
Өзiмдi айтсам

Толық

Қарап көріңіз