Өлең, жыр, ақындар

Өлең сыйлаған адам

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 399
Шабаз Иманәлиевке

Бiрде күлiп,
ендi бiрде жылаған,
бiрде батқан,
бiрде арылған күнәдан!
Шапан да емес,
атан да емес,
зат та емес,
Өлең маған сыйлады әкеп бiр адам.
Сол бiр өлең жан-жүректiң ырқын ап,
кеттi дейсiң асаулық боп жұлқып-ақ.
Сол өлеңнен,
сол өлеңнен, апыр-ай,
тұрды дейсiң жусан иiсi бұрқырап.
Сезiлдi одан –
тiршiлiктiң арыны,
Сезiлдi одан –
тiршiлiктiң ағымы.
Соғып тұрды сол өлеңнiң бойында
бүлк-бүлк етiп тiршiлiктiң тамыры.
Аулақ едiм дабыра мен дүбiрден.
(Дабыра мен дүбiрлерден түңiлгем).
Сол өлеңнiң саздарынан есiттiм
Жел мен жаңбыр
Жапырақтардың үнiн мен.
Сол өлеңнен жақын болып алысым,
Толқынданып шыға келдi ағысым.
Сол өлеңнен есiттiм мен
халықты
қан қақсатқан қасiреттiң дауысын.
Өткенменен отты кезең
жалын шақ,
қаласақ бiз,
кете аламыз дабыл сап.
Өсiп шықты жусан құсап ап-ащы
сол бiр өлең жүрегiме тамыр сап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауру Қазақстан

  • 0
  • 0

Сынап бағаналары
Шегiне жетiп
Дәл қазiр
Қазақстанның қызуы

Толық

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда

  • 0
  • 0

Жатыр едiм бей-жай мүлгiп диванда
тамсап сорып тәттi елестi жиналған.
Қабырғаның ар жағынан
кенеттен

Толық

Бақыт құсы

  • 0
  • 0

Бiз осы
Төбемiзде айналып ұшқан
Бакыт құсымызды
Қондырмай жүрген жоқпыз ба?!

Толық

Қарап көріңіз