Өлең, жыр, ақындар

Бекболат Тілеуханов

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 300
Қарға бойлы Бекболат!
Түйдек-түйдек құйылған
Екпiнiңе жете алмас
Ұшқан құс пен шапқан ат, –
Жолдағының бәрiн де
Кетердейсiң жапырып,
Кетердейсiң таптап-ақ!
Құбылыссың ақ түтек
Домбыра боп сарнаған,
Қобыз болып аңыраған,
Аруақтардың дабысын
Ертеңiме жалғаған.
Ей, Бекболат, Бекболат!
Отырасың ортада
Желдi күнгi өрттей боп
Өн бойыңнан от борап,
Ей, Бекболат, Бекболат.
Түсiп ақ тер, көк терге
Арқаң қозып кеткенде, –
Доптай ұшып жатады
Төңкерiлiп қыраттар...
Сол, сол кезде, сол кезде
Құмға айналып суаттар,
Суға айналып құмақтар,
Дүниенi қаптайды
Жарқылдаған найзағай,
Сартылдаған тұяқтар.
Сонан кейiн бiр кезде
Қара қанат – қара түн
Басар сенi шер келiп, –
Қара мұңға батасың
Қара қобыз өңгерiп.
(Мынау өң бе, түсiм бе?!)
Отырасың жалғыз қап
Көне күмбез iшiнде.
Отырасың жалғыз қап
Қансыз сұп-сұр түрге енiп.
Жердiң терең түбiнен
Уiлдеген үн келiп,
Кетесiң ғой қосылып
Қобызыңмен күңiренiп.
Дүр сiлкiнiп қайтадан
Жел сияқты алапат
Дүниенi жұлқылап, –
Алай-дүлей боласың
Шаң көтерiп бұрқырап!
Тiк шаншылтып даусыңды
Жетi көкке жеткiздiң.
Шамырқанған кезiнде
Қақыратып көбесiн
Жетi көктен өткiздiң.
Ей, Бекболат, Бекболат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ешкім естімеді

  • 0
  • 0

Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.

Толық

Байшыкеш

  • 0
  • 0

Мына кiсi
Болған екен.
Толған екен.
Найқалып

Толық

Неге екенін білмеймін

  • 0
  • 0

Жалаңаш қолыммен
Аспанда
Шатырлап жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын

Толық

Қарап көріңіз