Өлең, жыр, ақындар

Бір төбет туралы жыр

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 375
(болған оқиға iзiмен)

Төбет едi ол ол арынды –
жотадай боп тұратын, –
арғы тегi,
кәдiмгi,
Алыпсоқтан шығатын.
Алысқанды тiк келiп
жерге бiрақ ұратын, –
сол аймақтың иттерi
одан түгел ығатын.
Жұлатындай жұлқынып
соқсын дауыл,
борасын, –
төбет едi ол
күн-түнi
күзететiн қорасын...
Сене алмаймын әлi бiр
естiген жұрт таң қалды:
сол бiр төбет бөрiнiң
қаншығына арбалды.
Арбады оны бөлектеп,
жасырынып,
тасалап...
Қаншық көрсе,
әдетте,
төбет деген осал-ақ!
Нәпсi –
қара құлқыны
емiндiрдi ентелеп!
сол қаншыққа бiр күнi
ерiп кеттi сол төбет!
Нәпсi жұтты төзiмiн,
жанын арбау iштi ғой...
Сонан кейiн
өзiнiң
қорасына түстi ғой!
Сол бiр төбет қағынды
дүрлiктiрiп даласын –
қан қақсатып ауылды
қанға малды қорасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намысқа тиген күні

  • 0
  • 0

Қанша уақыт зар иледiм,
қиналдым.
Дедiм: ендi азат болдым,
жаңардым.

Толық

...өйткені

  • 0
  • 0

Ол жүр десе,
Жүргiмiз
Келмесе де жүремiз.
О күл десе,

Толық

Ержүрек кемелер

  • 0
  • 0

Көк долы көк теңiз
Ақ жал толқындарын
Аждаhадай көтерiп
Аспанға атқан кезде;

Толық

Қарап көріңіз