Өлең, жыр, ақындар

Бұлт-қатер

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 377
Көзiмдi сап биiк пенен тереңге,
қолымды мен созған кезде әлемге,
күйе-сынды түндей қара бұлт кеп
үйiрiлiп тұрып алды төбемде.
Бос сөз айтпан қуырылып күйсем де.
Өзiң бұған құй сен, мейлi,
құй сенбе.
Қалмай қойды сол бiр бұлт iлесiп,
қалай қарай,
қай жаққа мен жүрсем де.
(Құр сөз айтып отырғам жоқ,
Халайық!
бұл өлеңнiң мұң-сырына қанайық).
Сол бiр бұлт –
ойласам мен елiмдi –
одан сайын түнередi қарайып.
Бұдан ендi ненi ұғарсың түсiнiп,
не күтерсiң,
үмiтiңдi ұшырып...
Сол бiр бұлт –
қуанып мен шаттансам
кетедi ғой одан сайын iсiнiп.
Менен жұлдыз,
күн мен айды ұрлаған,
Сол бұлттан, –
бәлкiм, ендi жынданам.
Күйе-сынды сол бiр бұлт қап-қара
суын сiлкiп, дымын бүркiп тұр маған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көршілерім

  • 0
  • 0

Ертеректе
Каспиймен көрші болдым.
Енді қазір
Алатаумен көршімін.

Толық

Ақ қайың

  • 0
  • 0

Өсiп тұр қара батпақта
жаралған-сынды жарқылдан
ақ қайың аппақ соқпақтай
аспанға тiп-тiк тартылған.

Толық

Бүгінгі хал

  • 0
  • 0

Қатал қыстағы
Алатаудың шыңдарын
Қатпар-қатпар
Мұз басқандай,

Толық

Қарап көріңіз