Өлең, жыр, ақындар

Бұлт

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 225
Ойға батып опынам –
өңiм бе бұл, түсiм бе? –
үнсiз кейде отырам
қара бұлт iшiнде.
Желп-желп етсе етегi
соғар ызғар суығы...
Менi тесiп өтедi
найзағайдың сынығы....
Сонсоң күннiң күркiрi
кетедi ғой жыраққа.
Одан шошып сiлкiнiп
селк етпеймiн бiрақ та!
Аузын ашып құлыптың
ойлар ойлап сан асыл,
қалың қара бұлттың
жұтамын кеп ауасын.
Айналады сезiм де
ақ найзағай-шыбыққа...
Айналамын өзiм де
қалың қара бұлтқа.
Бiр тiрiлiп, бiр өлiп
қалың ойға батамын,
қап-қара боп түнерiп
көшiп бара жатамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақта өзiңдi, сақта сен!

  • 0
  • 0

Сақта өзiңдi, сақта сен!
Жасыңды төгер жер iздеп,
берiлме мұңға, берiлме.
Тұратын күтiп сенi iздеп

Толық

Сарыарқадағы сақылдаған сары аяз

  • 0
  • 0

Мына сары аяздың
Тісіңді тісіңе тигізбей
Сақылдауын-ай.
(Апыр-ай,

Толық

Тарих сабағының мұғалімі

  • 0
  • 0

Ауылдық жер.
Шулы апрель көктеп тұр.
Тар бөлмесi
жетi жылдық мектептiң.

Толық

Қарап көріңіз