Өлең, жыр, ақындар

Сақта өзiңдi, сақта сен!

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Сақта өзiңдi, сақта сен!
Жасыңды төгер жер iздеп,
берiлме мұңға, берiлме.
Тұратын күтiп сенi iздеп
керексiң мынау өмiрге.
Сақта өзiңдi, сақта сен!
Өмiр бар сенде,
сондықтан
өзiңдi-өзiң көтер де,
iзiңдi жауға аңдытпай
алып шық қауiп-қатерден.
Дүрмекке емес,
сенделiп
жүретiн күнде жүз тойлап,
тiрлiкке керек сендегi
отыз жастағы күш-қайрат.
Тау менен дала, орманның,
жапырақтардың үнiнен,
жабайы өлке, жондардың
қырмызы мың сан гүлiнен,
жүректен, өзек, жанардан,
дәндерден, тұқым, ұрықтан,
аспаннан, жерден жаралған
өлең бар сенде – ұмытпа!
Сақта өзiңдi, сақта сен.
Қорықпа, қайтпа, сескенбе.
(Дегенмен, керек ұққаның).
Жойқын бiр төбелестерде
шық өзiңдi құтқарып.
Қатал бол ендi темiрдей,
өшiп сен кетпе бiр күнi, –
өлiмiң емес өмiрге,
тiрлiгiң керек, тiрлiгiң.
Сақта өзiңдi, сақта сен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Грамматикалық жіктеу

  • 0
  • 0

Айтар кезде жалынменен, отпенен,
айтар кезде Ақиқатты ақберен, –
сөйлей алман мен үшiншi жақпенен,
сөйлей алман мен екiншi жақпенен,

Толық

Ішінде жыланы бар адам

  • 0
  • 0

Қауiп пенен қатер жатқан күшiнде,
зымияндық, сұмдық жатқан iсiнде, –
тойымы жоқ, қойымы жоқ ғұмыры
адам көрдiм жыланы бар iшiнде.

Толық

Түн

  • 0
  • 0

Кемермен ерегiсiп асып-тасқан,
Өз үнiн өз үнiмен басып тастап,
Еңiсте ерке бұлақ дем алады,
Кеудесiн алқам-салқам ашып тастап.

Толық

Қарап көріңіз