Өлең, жыр, ақындар

Көштер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 381
Өртеп күнi қақтаған
күңiрентiп даланы,
азаматын жоқтаған
көштер өткен қаралы!
Түбiт шаңы түтiлiп,
қайта жанған өшкенiм! –
шыққан кезде үкiлi
сән-салтанат көштерiм.
Жүрген деме қаңғырып
кең даламда көсiлген.
Өткен халқым тағдыры
көшу, көшу, көшумен.
Көшiп жүрiп керiсiп,
көшiп жүрiп табысқам,
көшiп жүрiп келiсiп,
көшiп жүрiп соғысқам!
Көшiп жүрiп сөгiлiп,
көшiп жүрiп өлгенмiн,
көшiп жүрiп жеңiлiп,
көшiп жүрiп жеңгенмiн.
Уын iшiп заманның
жатқам қанша қуарып –
қалған кезде даламның
көштерiнiң жүгi ауып.
Тар қыспақта қалған соң
қалың ойға батқанмын.
тәуекел деп сонан соң
көшiп бара жатқанмын.
Көрiп құрсау кезеңiн
қанша азапты кешкенмiн.
Қақ айырылып өзегiм
ата жұрттан көшкенмiн.
Өртке оранып шалғыным
жолым қанша кесiлген –
өткеннен соң тағдырым
көшу, көшу, көшумен.
Жатып қиыр, жырақта
құр қап қала, қамалдан
көшкем, көшкем,
бiрақ та
көшпей қалғам Даламнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқыттың көрі

  • 0
  • 0

Келiп қалған ажалдан
Зәре-құты қалмаған
Жазған Қорқыт
Нар маясына

Толық

Аптап күні жазылған өлең

  • 0
  • 0

Аптап күн бұл –
бұрын-соңды көрмеген.
Жалын ұрар вулкан-сынды сөнбеген.
Жерге түсiп аспан мынау айналып,

Толық

Бақсы

  • 0
  • 0

Елiм тектi едi.
Бiрақ
Орнынан тұра алмайтын
Дерттi едi...

Толық

Қарап көріңіз