Өлең, жыр, ақындар

Жұт

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 301
Аузы бiтiп қантөгiстi жараның
ендi-ендi ес жиғанда алабым
ашқарақ көз, жезтырнақты жұт келiп
ашқан екен кең далама аранын.
Талқан қылып қарсы қойған айлаңды,
өлексеге толтырып бар сайларды
жұтқан келiп үйiр-үйiр жылқы мен
қора-қора қойларды.
Күндер туған –
түннен бетер түнерген,
күндер туған –
көзiн сатып тiленген,
жұтқаннан соң,
жұтқаннан соң жұт келiп
қалдырмастан бiр тұяқ та тiгерге.
Зеңгi бабаң зым-зия боп қыр жақта,
Ойсылқараң жоқ болған ғой құм жақта,
Шопан атаң қаңғып кеткен бiр жаққа,
Қамбар атаң маңып кеткен бiр жаққа.
Мал бiткендi қырып салып қолдағы,
кеткеннен соң жалап-жұқтап қамбаны –
қаншама үйдiң керегесi қақырап,
ортасына бiр-ақ түскен шаңырағы.
Өлексеге толтырса да даланы,
тоймаған ғой бiрақ оның араны.
Жұтқан келiп – мал бiткен соң –
аштық боп
адамдарды – ана менен баланы...
Бүкiл мына кең даламды жайлаған
жұтқан келiп,
жұтқан келiп,
тоймаған!
...Жұттың өткен жұртындағы «сарқытты»
қарақұстар бiр жыл бойы тойлаған.
Қайғы менен қасiреттiң шегi жоқ,
далам сонда қалған екен өлi боп.
Көктем келген –
өрiсiнде малы жоқ,
көктем келген –
көгенiнде төлi жоқ.
Тұра алмастан бүтiн болып бiрлесiп,
жұрт кеткен ғой қайыршылық күн кешiп.
Онсыздағы бiрлiгi аздау елiмнiң
қақ бөлiнген кенересi, iргесi.
Жалмап жұтқан –
аштық ашқан аранын,
iлбiп көшкен –
босқын болған алабым.
Қаңғып жүрiп жуа терiп күн ұзын,
қорек еткен су тамырын қоғаның.
Жұт жүрген ғой осылай бiр құтырып,
жолдағының бәрiн жалмап сыпырып...
Кететiндей кездер туған сол жұтқа
алып далам түгелiмен жұтылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астапыралла!

  • 0
  • 0

Қазанның күйесіндей
Қап-қара түн.
Бір кезде
Бүйірімнен біреу

Толық

Мүсінші

  • 0
  • 0

Сұлулық iздейсiң
қара балшықтан,
ұлылық iздейсiң
қара тастардан.

Толық

Шегірткелер

  • 0
  • 0

Ойлаумен әрбiр сағат, әр күнiмдi
ар жылап, жүрек күйiп жан бүлiндi...
Бұлт болып шегiрткелер қаптап ұшып
жалмауда астығымды, шалғынымды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар