Өлең, жыр, ақындар

Киіз үй

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Содан, содан басталған
Сенiң, менiң арманым.
Киiз үйiм –
аспаннан
үзiп алған қоңырауым.
Өткен қанша кесiрден
мың өртенген,
мың гүлдеп.
Кең даламның төсiнде
тұрған соңсоң күмбiрлеп.
Алдау менен арбаудың
өрт-жалынын жасқаған...
Заман болған
қоңыраудың
тiлiн кесiп тастаған.
Тұрған үнсiз ашынып
енейiн деп күшiме, –
сырын, жырын жасырып
бүгiп алып iшiне.
Тiлге келiп жаушымен
шешiп қайта бар дауын,
домбыраның даусымен
сөйлеп кеткен қоңырауым.
Содан, содан басталған
сенiң, менiң арманым.
Киiз үйiм –
аспаннан
үзiп алған қоңырауым.
Iшiнде оның бұл күнде
тұрмасақ та бiрiмiз,
сөз алатын күмбiрлеп,
сол қоңыраудың тiлiмiз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Бекет ата» басында

  • 0
  • 0

Астасатын Үстiрттiң қиырымен,
басталатын алып ой бүйiрiнен, –
«Бекет ата» басында арқар деген
үйiрiмен жүредi

Толық

Парадокс

  • 0
  • 0

Босқа шаршап, сүрлiкпе
басса өмiрдiң мұң-зары.
Дүниеде, тiрлiкте
керi кетiп тұр бәрi.

Толық

Айлакер

  • 0
  • 0

Мына кісінің
(Тағы да!)
Жібектей есілтіп,
Желдей көсілтіп,

Толық

Қарап көріңіз