Өлең, жыр, ақындар

«Бекет ата» басында

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Астасатын Үстiрттiң қиырымен,
басталатын алып ой бүйiрiнен, –
«Бекет ата» басында арқар деген
үйiрiмен жүредi
үйiрiмен.
Тәкаппарлық,
паңдық бар – қарасында.
Ескерткiштей құйылған жарасымға, –
қауiп сезбей тұратын емiн-еркiн
ақар-шақар тастардың арасында.
Емiн-еркiн секiрiп тау-тасынан
қарап тұрар жартастан
жар басынан.
Адамдарды бұл жерде ол туыс көрiп,
маңғаз басып өтедi дәл қасынан.
Бұл жерде арқар –
айналған асыл аңға.
Тимейдi оған таңқы да,
тасыраң да.
Оларды ешкiм шошытып,
қорқытпайды.
Оларды ешкiм атпайды осы маңда.
Iшiн кезiп таулардың –
ұзын көштiң,
демес мұнда:
аңдардың iзiн кестiм.
Қонып жатқан,
қайтадан ұшып жатқан
үркiтпейдi бұл жердiң құсын да ешкiм.
Бұл жерде адам жат ойды аластайды.
Өтiрiк те,
өсек те жақ ашпайды.
Бұл жерде адам айқайлап,
жағаласпай.
Бұл жерде адам даурығып,
таласпайды.
...Осы жердiң тау, тасын кезiп кеттiм.
Кезiп кеттiм,
қаншама ой сезiп кеттiм:
кей адамнан безiнсем,
келер кейде
«Бекет ата» жағына көшiп кеткiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серік Ақсұңқарұлы

  • 0
  • 0

Сен,
Серік Ақсұңқарұлы,
Өлеңге —
Менен бұрын! —

Толық

Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары

  • 0
  • 0

Ой, Тәңiрi-ай!
Күнi кеше ғана
Таудың тас емшегiн иiтiп
Алтын шайып ағатын

Толық

Шағын естелік

  • 0
  • 0

Сонау бір жастық жылдары
Ашудың уын,
Ызаның суын ішкенде;
Бір қазақты жұдырығыммен

Толық

Қарап көріңіз