Өлең, жыр, ақындар

Бір тақырыпқа екі өлең

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
I. Баласынан бас тартқан әйел
Түйiн-сұрақ түйiледi табанда:
Не жетпейдi адамға?
Бәрi де бар,
бәрi де бар,
бәрi бар
мынау жарқын, мынау жарық заманда, –
сөнiп қалып сезiм, ой мен сана да
айналған ба қауiптi бiр жараға!
Неткен мерез қатыгездiк, қаталдық.
Бас тартты әйел,
бас тартты әйел баладан.
Өз ойынан зұлым-сұмдық түргелiп,
бас тартты әйел құбыжықтық түрге енiп.
Аспан асты кеттi сонда тарылып,
дарқан тiрлiк кеттi сонда күңiренiп.
Қаталдықтан кеттi дүние тұншығып.
Неткен безер!
Бүлк етпейдi тырсиып, –
жөргегiнде шыр-шыр етiп шырылдап
жатқан кезде кiп-кiшкентай тiршiлiк.
Мына жаңды неге сонша аздырдық?!
Тұла бойын жайлап алып азғындық
болашақтың бар қуаныш, шаттығын
айырбастады ол бос жүрiске аз күндiк.
Өзiне өзi бiр үңiлiп қараған
бұған, сiрә, шыдай алмас жан адам.
табиғаттың ең бiр ұлы сыйлығы –
бас тартты әйел,
бас тартты әйел баладан!
Бойын әбден жайлап алған қаралық,
көкпеңбек боп түрi кеуiп қабарып,
қол көтерiп табиғат пен тiрлiкке
бас тартты әйел мiндетiнен аналық.
...Жылдар өттi, –
тұра ала ма тоқталып –
жылдар өттi бойдағы бар отты алып.
Бiр-ақ сәтте жаңқа құсап қалтылдап,
жеңiл жүрiс –
қызық күндер кеттi ағып.
Сол бiр әйел жасамаған аз айып,
бiрте-бiрте таныс, досы азайып
жаны тiрi,
тiрлiгi жоқ бiрақ та
жалғыз қалды,
жалғыз қалды шошайып.
Жалғыз қалды.
Қалмады онда үмiт те.
Теңедi оны,
балады оны шiрiкке.
Жұрттың бәрi одан сырттап, жиiркенiп,
жұрттың бәрi қарады оған күдiкпен.
Қалай тұрар сонша төмен құлаған,
қалай ғана арыла алар күнәдан, –
демi бiтiп өлген күнi сол әйел
жаны егiлiп жыламады бiр адам.

2. Бала асырап алған әйел
Татырмайтын сұрасаң да қамалап
табиғат та кейде тастай сараң-ақ.
Ең болмаса бере гөр деп бiр бала
тiледi ана жан-жүрегiн жаралап.
Табиғат та кейде тастай сараң-ақ.
Жылдар өттi.
Кетпесе де қартайып,
бара жатты анадан да әр тайып.
Бара жатты жастық шағы алыстап,
бара жатты жапырақтай сарғайып!
Жүрек соғып,
қан қысымы шапқылап,
жанын жедi ой бұрынғыдан қаттырақ.
Табиғат та кейде тастай сараң-ақ
Аңсап күткен сол бiр үмiт жоқ бiрақ.
Қалмады жер ол бармаған, баспаған,
аурухана қалмады ол ашпаған.
...Ақырында тастап кеткен бiреудiң
перзентiн бауырына басты ана.
Басты да ана бауырына,
ой, тоба!
(ой, тобадан басқа ненi айта алам?) –
әрi тайып кеткен адам әп-сәтте
жап-жас болып шыға келдi қайтадан.
Жинап алып бар шаттығын жер-көктiң
жiбергендей болды әлемдi тербеп бiр.
Танау жарып сол бiр үйдiң iшiнде
аңқып тұрды жұпар иiсi жөргектiң!
Жалт-жұлт етiп әрбiр сөзi,
әр үнi
жатты дейсiң күн нұрымен шағылып.
Сүт саулады тас емшектен дiрдектеп,
иiп кеттi алпыс екi тамыры...
Бұл өмiрде ескерусiз қала ма,
арнағандар жан-жүрегiн балаға...
Сол ананы алақанға сап өттi
шаң жұқтырмай Ел-ана мен Жер-ана!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алданған үміт

  • 0
  • 0

Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.

Толық

Күзгі молшылық

  • 0
  • 0

Күз...
Адамды көтерiп
барады желiк бiр.
Дүние толықсып

Толық

Зергер

  • 0
  • 0

Алқа жатыр алдымда,
бiр ысытып,
бiр маздатып тондырған –
сенбейтұғын адам соқты дегенге

Толық

Қарап көріңіз