Өлең, жыр, ақындар

Балалар бақшасында

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 223
Бұған келсең – шын бақытты сезер ең,
сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы
ғажап әлем,
базар әлем,
мәз әлем.
Осында ғой дүниенiң ұраны,
осында ғой дүниенiң жыр-әнi.
Осында ғой дүниенiң тәттiсi,
осында ғой дүниенiң жұмағы.
Қозғайтұғын тұңғиығын тереңнiң
әр бiр үнi – әр бiр жолы өлеңнiң...
Томпаң қағып, әлдене айтып былдырлап
тiлi шығып келе жатқан әлем бұл,
тiсi шығып келе жатқан әлем бұл.
Солар менiң – жапырағым, өркенiм.
Оларсыз мен өрт жалаған өлкемiн.
Аман болсын – думан етiп аула iшiн –
асыр салып ойнап жүрген ертегiм.
асыр салып ойнап жүрген ертеңiм.
Кейбiр кезде –
таусылғанда шыдамы
елең етер әр дыбысқа құлағы.
Жалт-жұлт етiп құлдыраңдап жүр әне
ертеңiмнiң жарығы мен шуағы!
Шын айтамын,
келсең бақыт сезер ең,
сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы –
ғажап әлем,
базар әлем,
мәз әлем.
Бұдан берiк бола алмайды қамалдар,
бұдан кең де бола алмайды алаңдар!
Көре тұра осы ғажап әлемдi
қалай мылтық атады екен адамдар?!
қалай бомба жарады екен адамдар?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қауқарсыздық

  • 0
  • 0

Мына жақтан
Алба-жұлба боп
Біреу келді.
Ана жақтан

Толық

Тамбурдағы ән

  • 0
  • 0

“Отырар” поезының
Тамбурында —
Басқа жер
Құрып қалғандай! —

Толық

Балуандар күресі

  • 0
  • 0

Белдерiне
Алты құлаш арқан ораған
Демдерiнен бұрқырап
Дауыл бораған.

Толық

Қарап көріңіз