Өлең, жыр, ақындар

Демографиялық өлең

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 220
Жоғын жоқтап отырғам жоқ жоқтықтың!
Дегенменен шегi бар ғой сақтықтың, –
есiгiнде бес құлып бар осы үйден
иiсi аңқиды тоғышарлық, тоқтықтың.
Бәрi де бар, бәрi де бар, қарашы!
(жетпей тұр-ау тек қанағат, тобасы).
Бәрi де бар, бәрi де бар, бәрi бар.
Жоқ бiрақ та, жоқ бiрақ та баласы.
Деп тұрсың-ау;
«басын шатып әрненiң,
баласыз деп неге орынсыз тергедiң...»
Бермей қойса сөз де жоқ қой,
амал не,
алмай тұр ғой табиғаттың бергенiн.
Бұл жөнiнде (дәл осы ғой сор қайнау)
болған, сiрә, сан шешiм мен сан байлау...
Ойлайды олар:
«бала деген қол байлау»...
Бала десең басталады ойбайлау.
Даладағы достарын да ерте кеп,
бала асыр сап дүбiрлетiп, еркелеп
ойнайтұғын дәл төрiнде кең үйдiң
керiледi шұнақ құлақ кер төбет.
Жүрек шiркiн содан қазiр мұң құшып
тарс жарылып кетердей-ақ тұрды ысып,
бала отырар кресло үстiнде
ұйықтап жатыр пыр-пыр етiп бiр мысық.
Тұрғаным жоқ мұны, әрине, қызықтап,
(балайтұғын iс емес бұл қызыққа).
Қымбат маған бүкiл мына табиғат,
қымбат маған сол итiң да, мысық та.
Дегенменен ойлап көрсең шамалы,
айтар едiң қозғап көрiп сананы:
табиғатты сүйген адам
алдымен
сүю керек баланы.
Басқаша ма?
Онда бәрi далбаса!
Далбаса ғой баланы iздеп, жанбаса.
Ит, мысықты сүйетiнi өтiрiк
О да соңғы мода үшiн болмаса.
Табиғаттың дархан сыйын қайтарған,
бұл шаңырақты – шаңырақ дер ем шайқалған.
Түптiң түбi ондай-ондай жандарды
ит, мысық та сүйедi деп айта алман!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әшірбек Сығай

  • 0
  • 0

Халықтың алақанында отырғандай
Сахнада отырған, ей, Әшірбек,
Әлі сен талай
Елің мен жеріңді ойлап

Толық

Өктемге

  • 0
  • 0

Менi «үп» деп
Ұшырып жiбергiң келедi, –
Қураған
Жапырақ деймiсiң.

Толық

Әбу Сәрсенбаев

  • 0
  • 0

Адамдар да бұлттар сияқты...
Бiрақ сен, Әбу аға!
Бiреулер сияқты
Бауырынан дауыл тұрғызып,

Толық

Қарап көріңіз