Өлең, жыр, ақындар

Әбу Сәрсенбаев

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 192
Адамдар да бұлттар сияқты...
Бiрақ сен, Әбу аға!
Бiреулер сияқты
Бауырынан дауыл тұрғызып,
Жай лақтырып,
Жасын ойнатып жататын
Қара бұлт емессiң;
Аспан кеңiстiгiнде
Шөмеле-шөмеле боп жататын
Ала бұлт емессiң;
Алқын-жұлқын боп
Асығыс өте шығатын
Тасыр бұлт та емессiң;
Мына бұзық заманның
Iрiңдi уын жинаған
Жасыл бұлт та емессiң!
Сен мүлде
Басқа бұлтсың! –
Аспандағы аппақ перiштелер
Асыр сап
Шомылып жататын
Ақша бұлтсың!
Әлi күнге сенiң әруағың
Аспанда қалқыған
Ақша бұлтыңа –
Тозаң қонса! –
Таулардың үстiне апарып
Қағып,
Сiлкiп алады.
Кiр болған жан менен
Шаң қонған жүректердi
Аққудың мамығындай
Үлбiреген,
Мақтадай аппақ
Сол Ақша бұлттарың
Сүртiп алады.
Әбу аға,
Қанын iшiне тартып
Сазарып тұрған
Мына заманнан безiнiп,
Тазарып алу үшiн
Сенiң Ақша бұлттарыңа
Барғым келедi.
Асыр сап шомылып жатқан
Перiштелермен бiрге
Сол ақша бұлттарыңа
Аунап,
Аунап,
Аунап
Алғым келедi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бізді билеп үйренгендерге

  • 0
  • 0

Сендер бiздi
Табанға сап илегенсiңдер.
Соған үйренгенсiңдер.
Сен ендi бiлiп ал! –

Толық

Сұрапыл жел

  • 0
  • 0

Менiң жанымның
Ойран-ботқасын шығарып –
Сұрапыл! –
Жел соқты.

Толық

Менің өлеңім

  • 0
  • 0

Бiреулер – өлеңнiң –
Ұйқасын кiрпiштей қалап.
Сылағын қаймақтай жалап,
Мұнтаздай етiп,

Толық

Қарап көріңіз