Өлең, жыр, ақындар

Ертегi әлемiм

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 510
Ертегi әлемiм!
Сенi еске алып ем
Күндей күркiреп,
Айдаhардай бүктелiп
Долданды тереңiм...
Көздi ашық-жұмғанша
Аяқтарына
Тас байлап жүгiрген,
Табандары тiлiнген
Желаяқтарым жетiп келдi.
Көлтауысарларың
Бiр шара қымыздай
Бiр көлдi басына
Бiр-ақ төңкердi.
Дәулерiм
Тауларды қақпақыл қып
Ойнап отырды.
Төбелерi бұлттардан асып
Бойлап отырды.
Отқа салса күймейтiн,
Суға салса батпайтын
Батырларым
Бұғауларын быт-шыт қып
Қаhарланып жеттi.
(Түңлiкпенен дем берген,
Түтiкпенен жем берген
Тұлпарларым
Тас қамауды
Тас-талқан еттi.
Отыз күн ойындар,
Қырық күн тойлар өттi...
Мен сонда қайраттандым.
Мен сонда айбаттандым.
Бойыма күшiм сыймай
Тасыған өзендей болдым.
Асу бермейтiн
Кезеңдей болдым.
Қарсы келгендi
Қақ айырып жайраттым!..
Сонан кейiн дамылдап
Найзағайлардың бұтақтарын
Отын қып сындырып
Қазан қайнаттым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқындар

  • 0
  • 0

Айтар кезде –
Ешқашан да бұққым жоқ.
Айтар кезде –
Ешқашан да бүккiм жоқ.

Толық

Не керек?

  • 0
  • 0

Жоқ кезiмде бермей
Бар кезiмде бергенiң
Не керек?
Тар кезiмде көрмей

Толық

Экспромт

  • 0
  • 0

Көңiл нала,
Ұйқы шала.
Iште жара.
Айнала

Толық

Қарап көріңіз