Өлең, жыр, ақындар

Түн, қысқы бақ ішінде

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 423
Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.
Түннiң мамық қап-қара шашын жарып
Көшелерден көрiнер жасыл жарық.
Шақырлатып тiстерiн жатыр ақ қар
Табанымның астында ашуланып.
Алыс аспан кеттi ғой жақындай боп
Iштен тыныш жыр жазған ақындай боп.
Паң табиғат талмаурап ұйықтап жатыр
Қымыз iшiп кұлаған батырдай боп.
Жалаңаш бақ менi кеп тартады әрi,
Кетiп бара жатқандай алға бәрi.
Сүйектерi сойдыйған қара ағаштар
Әлдекандай алыптың қаңқалары...
Түннiң мамық қап-қара шашын жарып,
Көшелерден көрiнер жасыл жарық,
Шақырлатып тiстерiн жатыр ақ қар
Табанымның астында ашуланып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда? Неге?

  • 0
  • 0

Бәрi де тарыдай ұсақ
Құмдай майда.
Бiр кездегi
Таудай зорайып жататын

Толық

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап

  • 0
  • 0

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап,
бұлт шығарып,
жел көтерiп,
жұлқылап –

Толық

Аузымнан өсіп шыққан үш тіл туралы түс

  • 0
  • 0

Түсімде
Аузымнан
Үш тіл өсіп шығыпты.
Құнарлы топырақты жерді

Толық

Қарап көріңіз