Өлең, жыр, ақындар

Еңбек

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 408
Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,
ұмтылудан,
еңбектеуден!
Еңбектеп,
қайта құлар жүре берiп,
бiр затты жерден мына iле берiп...
Қолына қалам ұстап,
күрек ұстап
бiр күнi кетедi ол түрегелiп!
Көтерген дүниенi төбесiне
танымай қаласың ғой келесiде, –
алыпқа айналады ақырында
тер иiсi аңқып тұрған денесiнен.
Жүрген соң арман, мақсат жетегiне ап,
ол ендi қуат кернеп кетерi хақ.
Лақтырар өн бойынан тас тамшылап
бiр тауды орынынан көтерiп ап.
Көредi
тiршiлiктiң сең, өткелiн,
көредi
тiршiлiктiң шөлейт, белiн,
Өсiрiп айдалаға мұнарлар,
егедi фонтандардың теректерiн.
Бойына қуат одан сiңiрiп ап,
кетедi-ау ол жүрген жер құбылып-ақ.
...Теңiз қып кең далама төккелi тұр
Сiбiрдiң бiр өзенiн сiмiрiп ап.
Жарық боп ол келсе егер таң атады,
өзiне дүниенi қаратады.
Жүредi
әлдене ойлап миы қатып,
жүредi
күс-күс болып алақаны!
Қарамай уақыттың қиынына,
қарамай уақыттың құйынына
ертеңге бара жатыр Еңбек ендi
Жер шарын салып алып иығына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлдер

  • 0
  • 0

Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!

Толық

Аластау

  • 0
  • 0

Шалғынымды шаң қылып,
жайлауымды жандырып, –
жұмағымды жайқалған
айналдырған тозаққа;

Толық

Кешегi көсемдер және...

  • 0
  • 0

Қақ төрiмiзде iлулi тұратын
Кешегi көсемдердiң портреттерiн
Сыпырып-сиырып ап
Қоқыстарға лақтырдық.

Толық

Қарап көріңіз