Өлең, жыр, ақындар

Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 212
Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен
мезi болып безiнемiн, жерiнем.
Жерiнем де балалық шақ арқылы
сапар шегем Күнiкей қыз елiне!
Ертегiге айналады айналам!
Дәу жүредi тау лақтырып ойнаған.
Көлтауысар суын бүркiп,
Желаяқ
зымырайды қос қазан тас байлап ап.
Ысырылып жүре берер қара түн.
Шақпақ табам жарқырап бiр жанатын.
Құмырсқаны шығарамын шұңқырдан
ал ол маған сыйға тартар қанатын.
Сол қанатты ұмытамын сыйлаған...
Шетсiз-шексiз жатар алда ми далам.
Бiрақ та мен Күнiкей қыз елiне
алып барар жол таба алмай қиналам.
Оңай дейсiң, құдайым-ау, жол кiмге
дегенменен тұрмақшымын сертiмде.
Бағыт сұрап барамын ғой сонан соң
жердi жамап отыратын кемпiрге.
Қарап алып жақын менен жыраққа,
қарап алып заманаға мұнартқан,
тiлiм-тiлiм қара жерге жамау сап
қара кемпiр үндемейдi бiрақ та.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таудағы түнгі үрей

  • 0
  • 0

Тауда адастым.
Ұзамай түн басты.
Түнмен бірге
Үрей де келді:

Толық

Шапқыншылық

  • 0
  • 0

Аңдаусызда жау шапты.
Омыртқаларымды бордай үктi.
Қабырғаларымды
Қураған қамыстай

Толық

Қара Жер

  • 0
  • 0

Қара Жер астаң-кестең:
Бір жағы бақандасып,
Бір жағын топан басып;
Бір жағын өрт шалып;

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар