Өлең, жыр, ақындар

Шағын разъезд

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 194
Шағын ғана разъезд.
Түн iшi.
Неге ғана тарылады тынысым,
неге ғана кетiп жатыр тынышым.
Шағын ғана разъезд.
Түн iшi.
Өз-өзiммен түскендей-ақ сайысқа,
таба алатын емеспiн мен байыз да.
Қара жердi солқылдата тепкiлеп
келiп жатыр,
кетiп жатыр поездар.
Құлағыма әрбiр үнi жетiп тұр
Қалайыншы дегендей-ақ кетiп бiр,
қозғалады ауыр-ауыр күрсiнiп
жүк поезы салдыр-гүлдiр етiп бiр.
Дүрсiлдетiп қара түннiң түнегiн,
бiрi кетсе,
бiрi тағы кiредi,—
түу тереңде соғып тұрған секiлдi
қара жердiң жүрегi!
Соғады ол қанша көз жас iштiм деп,
қанша қайғы,
қасiретке түстiм деп!
Мен жатырмын дүрсiлдеген алқынып
қара жердiң жүрегiнiң үстiнде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намыс

  • 0
  • 0

Намыс – от,
намыс – жалын ба?
Бұрқанып долданған шағында
тiлi байланып,

Толық

Қорқамын!

  • 0
  • 0

Елiмнiң iргесiнде
Өрт болып жатыр...
Жанымның iшiне
Дерт толып жатыр.

Толық

Жалғыздық туралы жыр

  • 0
  • 0

Дүние дегенің
Қақ-қақ бөлініп
Сөгілген сеңдей боп
Жарылып барады...

Толық

Қарап көріңіз