Өлең, жыр, ақындар

Даладағы ой

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 208
Құтылып күйбең тiрлiк, сан ойлардан,
тартасың қайдасың деп арай далам.
Машина екпiнiнен
жан бiткендей
кетедi дөңгеленiп бар айналаң.
Көзiңе құйған ащы терге көнiп,
кiресiң сордан өтiп, шөлге келiп.
Қапталда қалып жатыр шыр айналған
төбелер дөңгеленiп,
дөңгеленiп.
Туатын тентек бұрқақ күй iшiнде,
жусан мен дала иiсi бiр иiсiнде.
Шомылып сәуле менен самал желге
тұрады дөңгеленiп киiз үй де.
Салынған дөңгеленiп қамалдар да,
жатады дөңгеленiп алаңдар да.
Тұрады дөңгеленiп Күн мен Ай да,
пiседi дөңгеленiп таба нан да.
Жапанды кезiп кеткен кездерiңде
көкжиек дөңгеленер көздерiңде...
Жарықтық кең даламның үстiнде бұл
шығады дөңгеленiп сөздерiң де.
Кеудесiн ашып тастап жел, сағымға,
кең далам толып пiскен дер шағында.
lшiнде кеңiстiктiң мұнарланып
барады дөңгеленiп Жер шарым да.
Ағасың дала үстiнде шөлге көнiп,
құйынын үйiредi жел де келiп...
О баста
бұрыш,
мүйiс,
бұрылыссыз
дүние жаралған-ау дөңгеленiп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос ниет

  • 0
  • 0

Бұл өмiрде аз ба, көп пе үлесiң –
Бәрiбiр сен! –
Жылайсың да, күлесiң...
Ғұмыр бойы еркiңнен тыс! – өлгенше

Толық

Тәуелсiзбiн

  • 0
  • 1

Тәуелсiзбiн!
Тәуелсiзбiн мен бүгiн.
Келдi, мiне, азаттығым,
теңдiгiм.

Толық

Неткен өмір бұл

  • 0
  • 0

Бұл не тіршілік:
Жүрсем — құлаймын,
Күлсем — жылаймын.
Құдай-ау,

Толық

Қарап көріңіз