Өлең, жыр, ақындар

Астан-кестен ашуланды Атырау

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 435
Астан-кестен ашуланды Атырау.
Қапелiмде не боп қалды апыр-ау!
Аспан астын арсы-гүрсi етiп бiр
астан-кестен ашуланды Атырау.
Толқындарды төбелескен жауласқан
жылжып кеткен таулар дерсiң қар басқан.
Долы теңiз қақпақыл қып соларды
соқты-ай әкеп жартасқа!
соқты-ай әкеп жартасқа!
Соққан сайын күркiреген, алқынған,
гүрс-гүрс етiп жарылады толқындар.
Төңкерiлiп бара жатар дүние
мынау дүлей солқылдан.
Бұрқыраған, сұрапылға құныққан
мен осы сәт туғандаймын рухтан.
Бiр-бiрiмен араласып кеткендей,
Бiр-бiрiмен жағаласып кеткендей
теңiздегi толқын мен
аспандағы бұлттар.
Үрейдi де үлгертпестен ойға алып
кеттi сонсоң мынау долы теңiздiң
бiр дауысы
шағалаға айналып,
бiр дауысы
найзағайға айналып.
Iсiп-кепкен алқымы
шулап-шулап тынды теңiз толқыны.
...Кезiп бара жатты аспан астымен
шағаланың шаңқылы,
найзағайдың жарқылы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббатқа естелік

  • 0
  • 0

Әлi есiмде сол көктемнiң сол түнi
нөсер шуы,
найзағайлар жарқылы.
Көз алдымда сол түндi

Толық

Сансырау

  • 0
  • 0

Бір күні мен
Өмірден безініп
Өзімді өзім
Жерледім.

Толық

Лас адам

  • 0
  • 0

Аузының ласын-ай!
Лас сөздерiне үндемей
Көпшiлiктiң шыдасын-ай!
Айнала мүңкiп кеттi.

Толық

Қарап көріңіз