Өлең, жыр, ақындар

Махаббатқа естелік

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 233
Әлi есiмде сол көктемнiң сол түнi
нөсер шуы,
найзағайлар жарқылы.
Көз алдымда сол түндi
сенiменен кезгенiм.
дегем сонда:
сенiң демiң –
өз демiм.
...Жап-жалаңаш бұтағына ағаштың
сөйлем болып жапырақпен жазылған
көктеп шығып жатты сенiң сөздерiң.
Бiлем, бiлем шыдай алмай тасып қан
сол сөйлемдi оқып жүр
бұтағынан ағаштың
көктем сайын ғашықтар.
Жарқ еткенi қос жанардың тесiлген,
дiр еткенi қос анардың төсiнде,
көк аспанның қақ айырылып күркiреп
қара жердiң толқығаны есiмде.
Әлi есiмде ұмытқам жоқ өз басым
сүйiскенде демiмiзбен бiр жұттық
нөсер суын,
қуаныштың көз жасын.
Мәңгi есiмде қалсын дедi-ау бұл көктем
екеумiзге қарап алып құрметпен –
найзағайын жарқылдатып әр тұстан
аспан бiздi асығыс
түсiрген-дi суретке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зауал

  • 0
  • 0

Отырды қарт аула iшiнде,
көктемде.
Мойынсұнған уақыт деген өктемге.
Отырды қарт таяғына сүйенiп,

Толық

Шертолғау

  • 0
  • 0

Бір күні мен
Өзіме өзім
Сыйыса алмастан
Қақ бөліндім:

Толық

Алыс-жұлыс дүние

  • 0
  • 0

Дүние алыс-жұлыс.
Досыңның өзi
Шатақ iздеп
Шадырайып шыға келедi, –

Толық

Қарап көріңіз